Қазақстан – Zаман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан – Zаман – халықаралық қоғамдық-саяси, танымдық газет. 1992 жылы 17 қаңтарда алғаш рет “Заман-Қазақстан” болып жарық көрді. Қазақстандағы алғашқы халықаралық басылым ретінде 2000 жылы “Казмедия” ЖШС компаниясының құрамында қайта құрылып, “Қазақстан-Zaman” болып өзгертілді. Аптасына бір рет, 12 беті қазақ тілінде, 4 беті түрік тілінде шығады. Газетте Қазақстандағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, танымдық тақырыптармен бірге халықаралық жаңалықтар беріліп тұрады. Газет Қазақстан мен Түркия арасында ақпараттық байланыс орнатуға елеулі үлес қосып келеді. Құрылтайшылары: Түркия жағынан – Айдын Эрдем, Қазақстан жағынан – Нұрлан Оразалин. Республикамыздың барлық аймақтарына тарайды.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер</span>

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}