Қазақстан спарассисі (Sparassіs kazachtanіcus)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Базидиалды саңырауқұлақтар класы, гименомицеттер тобының афиллофоралар қатарына, рогатиктер тұқымдасына жататын саңырауқұлақ. Солтүстік Қазақстан облысының орташа гумусты, қара топырақты жерлерінде өсетін топ қайыңдардың арасынан табылған. Қазақстан спарассисінің жемістік денесі етженді қалпақша мен аяқшадан тұрады. Қалпақшасы дөңгелек сфера немесе шар тәрізді, оның диаметрі 6 – 8 сантиметр Жас кезінде саңырауқұлақтың сыртын ақшыл перде жауып тұрады. Өсе келе пердесі жыртылып, астынан жапырақ тәрізді бір-бірімен жабысып, тарамдалып өскен қалпақшасы көрінеді. Аяқшасы жемістік денесінің ортасынан шығады. Оның биіктігі 6 – 8 сантиметр, ені 1,2 – 2 сантиметр, төменгі жағы жуан, ақшыл-сұр түсті, ал жоғары қарай жіңішкере түседі, қоңырқай түсті болады. Қазақстан спарассисі – жеуге жарамсыз саңырауқұлақ. Өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан спарассисі (Sparassіs kazachtanіcus)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}