Қазақстан республикасы президентінің актілер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заң күші бар құжаттар. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің актілері жарлық, қаулы, өкім болып бөлінеді. Жарлықтар Қазақстан Республиасының конституциясы мен заңдары негізінде және соларды орындау үшін шығарылады; қаулылар Қазақстан Републикасының конституциясы мен заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде және соларды орындау үшін шығарылады; өкімдер Қазақстан Республикасының конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен қаулылары негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Өзге мемлекет органдар мен лауазымды адамдардың актілерінен айырмашылығы – Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне Қазақстан Республикасы конституциясы мен заңдарына сай келуі, заң ережелерінің сақталуы, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан негізделуі, тұрғысынан қойылатын талаптар өте жоғары болады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан республикасы президентінің актілер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}