Қазақстан республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органының құзыреті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қазақстан республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органының құзыреті — Қазақстан Республикасының тапсыруы бойынша су ресурстарын басқаруды өз қызметін тікелей немесе бассейндік, облыстық және өзге де бөлімшелер арқылы атқаратын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы табиғатты қорғау органдарының және осыған арнайы уәкілдік берілген өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органының қарауына мыналар жатады: бассейндердің, облыстар мен аудандар шегінде су тұтыну лимиттерін белгілеу; суды және оның пайдаланылуын мемлекеттік есепке алу; мемлекеттік су кадастрын және су мониторингін жүргізу; табиғатты қорғау органдарымен келісім бойынша суды арнайы пайдалануға рұқсаттар беру; су пайдаланудың барлық түрлеріне техникалық шарттар беру; экологиялық талаптарды ескере отырып су ресурстарын кешенді пайдалану негізінде олардың аймақаралық, облысаралык, ауданаралық және салааралық бөлінуін қамтамасыз ету; өзендерді, көлдер мен басқа да сутоғандарын сақтау және олардың жай-күйін жақсарту, судың зиянды әсерін болдырмау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру; өзендер бассейндерінің су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың негізгі бағыттарын әзірлеу; су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; шектес мемлекеттермен су қатынастарын реттеу мәселелері жөнінде ынтымақтасу. Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органының суды пайдалану мен қорғау мөселелері жөніндегі өз құзыреті шегіндегі нұсқаулары барлық азаматтар, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін қай ведомствоға бағынатынына және меншік түріне қарамастан міндетті болып табылады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub