Қазақстан республикасының азаматтығы туралы заңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан республикасының азаматтығы туралы заңы - Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбір адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту қүқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдыретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституңиясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актілерімен реттеледі. Осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын; осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттерде территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды. Қазақстан Республикасының азаматтығы:

  • 1) тууы бойынша;
  • 2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
  • 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша;
  • 4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан республикасының азаматтығы туралы заңы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}