Қазақстан резерваттарының тізімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мемлекеттiк табиғи резерват — табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Қазақстанда қазіргі уақытта 5 резерват ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасының “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” Заңының (2006 ж.) 50-бабында мемлекеттік табиғи резерваттар табиғат қорғау және ғылыми мекемелер қатарына жататындығы және олар өз аумағындағы сулы алқаптардың және құрлықтағы экожүйелерді қорғау мақсатында ұйымдастырылатыны айрықша атап көрсетілген.

Резерваттар тізімі

Кестеде резерваттар құрылған уақытына сәйкес келтірілген.

# Сурет Атауы Құрылған жылы Көлемі, га Орналасқан жерi
1 [[Сурет:|150px]] «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты 2003 277 961 Павлодар облысы
2 [[Сурет:|150px]] «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты 2003 662 167 Шығыс Қазақстан облысы
3 [[Сурет:|150px]] Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты 2007 763 549 Ақтөбе облысы
4 [[Сурет:|150px]] «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты 2009 111 500 Атырау облысы
5 [[Сурет:|150px]] «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты 2012 489 766 Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандары

Ұлттық парктер орналасуы картасы

Үлгі:Location map+

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан ЕҚТА-лары