Қазақстан мейрамдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заңға<ref>«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-II Заңы</ref> сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.

  • Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
  • Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
  • Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.


Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
  күн-айы атауы
  қаңтардың 12 Жаңа жыл (мемлекеттік мейрам)
  қаңтардың 7 Иса Мәсіх туған айты (демалыс күн)
  зу-л-хидж 10 <ref>Һижраның зу-л-хидж 10 күні жыл сайын 11—12 күнге артқа ығысады. 2007 ж. желтоқсанның 20 келеді, 2008 ж. 9 желтоқсанға келеді, 2009 ж. 27 қарашада, ал 2010 ж. 17 қарашада болады.</ref> Құрбан айт (демалыс күн)
  наурыздың 8 Әйелдердің халықаралық күні (мемлекеттік мейрам)
  наурыздың 22 Наурыз мейрамы (мемлекеттік мейрам)
  мамырдың 1 Қазақстан халық бірлігі мейрамы (мемлекеттік мейрам)
  мамырдың 7 Отан қорғаушы күні
  мамырдың 9 Жеңіс күні (мемлекеттік мейрам)
  мамырдың 31 Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
  маусымның 4 Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні
  маусымның 23 Полиция күні
  маусымның 3-ші жексенбісі Медицина қызметкері күні
  маусымның соңғы жексенбісі Баспасөз, теледидар және радиохабар күні
  шілденің 6 Елорда күні (мемлекеттік мейрам)
  шілденің 3-ші жексенбісі Металлург күні
  тамыздың 1-ші жексенбісі Көлік пен байланыс қызметкерлері күні
  тамыздың 2-ші жексенбісі Құрылысшы күні
  тамыздың 3-ші жексенбісі Спорт күні
  тамыздың соңғы жексенбісі Кенші күні
  тамыздың 30 Қазақстан Республикасы Конституциясы күні (мемлекеттік мейрам)
  қыркүйектің 1 Білім күні
  қыркүйектің 1-ші жексенбісі Мұнай мен газ кешені қызметкерлері күні
  қыркүйектің 3-ші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні
  қыркүйектің 28 Қазақстан Республикасы атом саласы қызметкерлері күні
  қазанның 1-ші жексенбісі Оқытушы күні
  қазанның 25 Республика күні
  қарашаның 15 Ұлттық пұл күні
  қарашаның 3-ші жексенбісі Ауыл шаруашылық қызметкерлері күні
  желтоқсанның 1617 Тәуелсіздік күні (ұлттық мейрам)
  желтоқсанның 3-ші жексенбісі Қуатшы күні
  — мейрам (жұмыс істемейтін) күндері
  — кәсіби және басқа мейрамдары
  • 2009 ж 22 сәуірдегі №152-ІV ҚРЗ өзгерістер енгізілуіне байланысты 25 қазан Қазақстан Республика күні деп есептелінбейді

Түсініктемелер

<references/> Үлгі:Қазақстан тақырыптарда {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}