| Марапат
|
Атауы
|
Бекітілген күні
|
Марапаттау ережесі
|
|
Астана медалі
|
2 маусым 1998
|
Естелiк медалiмен Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуына, Қазақстанның астанасын абаттандыру мен оның құрылысына елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.
|
|
Жауынгерлік epлiгi үшін медалі
|
12 желтоқсан 1995
|
ҚК, басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының әскери қызметкерлері, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, прокуратура органдары, ҚР ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының қызметкерлері марапатталады.
|
|
Ерлігі үшін медалі
|
12 желтоқсан 1995
|
Адам өмірін құтқарумен байланысты экстремалды жағдайларда (суда, өртте, табиғи апатта); қылмыскерлікпен күресте көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін азаматтар марапатталады.
|
|
Ерен еңбегі үшін медалі
|
12 желтоқсан 1995
|
Әскери бөлімнің, бөлімшенің әскеридай міндеттерді ойдағыдай орындауына жағдай жасайтын сондай-ақ қылмыскерлікпен күрестегі шебер, бастамашыл және батыл әрекеттері үшін марапатталады.
|
|
Шапағат медалі
|
12 желтоқсан 1995
|
Белсенді және жемісті қызмет және қайырымдылық үшін азаматтар марапатталады.
|
|
|
Халық алғысы медалі
|
8 маусым 2020
|
Медальмен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін, пандемиямен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.
|
| Марапат
|
Атауы
|
Бекітілген күні
|
Марапаттау ережесі
|
|
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
|
<center>27 тамыз 2001
|
Мерекелік медалімен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюына және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.
|
|
<center>Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл медалі
|
<center>7 мамыр 2002
|
Мерекелік медалімен 2002 жылдың 7 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметте тұрған, қызметі бойынша жақсы мінездеме алған және өзінің әскери борышын үлгілі атқарып жүрген әскери қызметшілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылысына елеулі үлес қосқан басқа да адамдар марапатталады.
|
|
<center>Қазақстан темiр жолына 100 жыл медалі
|
<center>
30 сәуір 2004
|
Мерекелік медалімен республикада темір жол көлігінің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтар марапатталады.
|
|
<center>1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл мерейтойлық медалі
|
<center>7 шілде 1993
|
КСРО Қарулы Күштерiнiң қатарында Ұлы Отан соғысының майдан шептерiндегi ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметкерлер мен ерiктi жалдамалы құрамдардың адамдары марапатталады.
|
|
<center>Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі
|
<center>20 сәуір 2005
|
Мерекелiк медалiмен Қазақстанның конституциялық негiздерiнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, заңгерлер қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.
|
|
<center>Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалі
|
<center>7 қараша 2005
|
Мерекелiк медалiмен қазақстандық парламентаризмнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдар мен өндiрiс саласының қызметкерлерi қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.
|
120px centro
|
<center>1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл мерейтойлық медалі
|
<center>14 қыркүйек 2004
|
Мерекелік медалiмен Ұлы Отан соғысы майдандарында КСРО Қарулы Күштерi қатарында ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер мен ерiктi құрамдағы адамдар, Ұлы Отан соғысы кезiнде уақытша басып алынған КСРО аумақтарында iс-қимыл жүргiзген партизандар мен астыртын ұйымдар мүшелерi, Ұлы Отан соғысы кезiнде КСРО Қарулы Күштерiнде қызмет еткен әскери қызметшілер мен ерiктi құрамдағы адамдар, "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн", "Жапонияны жеңгенi үшiн" медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшін" медалiнiң куәлiгi не соғысқа қатысушының куәлігі бар адамдар марапатталады.
|
|
<center>Тыңға 50 жыл медалі
|
<center>16 қаңтар 2004
|
Мерекелiк медалiмен республикада тың және тыңайған жерлердi игеруге және ауыл шаруашылығын дамытуға елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiк азаматтар, сондай-ақ бұрын тың және тыңайған жерлердi игергенi үшiн медалiмен марапатталғандар марапатталады.
|
|
<center>Астанаға 10 жыл медалі
|
<center>6 мамыр 2008
|
Қазақстан Республикасы мен оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік органдардың, өндірістік саланың қызметкерлері, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау қайраткерлері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері және шетел азаматтары Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктер, өзге де орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, қоғамдық бірлестіктер енгізген ұсыныстар бойынша марапатталады.
|
|
<center>1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл мерейтойлық медалі
|
<center>19 Наурыз 2010
|
бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армиялар мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, азамат және Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын қимыл жасаушылары марапатталады.
|
|
<center>Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
|
<center>17 Мамыр 2011
|
Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары марапатталады.
|
|
<center>Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл медалі
|
<center>10 қазан 2011
|
Мерекелік медальмен қызметі бойынша оң сипатталатын және өз әскери борышын үлгілі орындайтын 2012 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметте тұрған әскери қызметшілер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құруға елеулі үлес қосқан басқа да адамдар марапатталады.
|
|
<center>Теңгеге 20 жыл медалі
|
<center>2 қыркүйек 2013
|
Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - тенгенің қолданыста болуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары марапатталады.
|
|
|
<center>Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл медалі
|
<center>23 қаңтар 2015
|
Мерекелік медальмен елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлінің артуына, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім тәжірибесін шет елдерде таратуға және Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары арасындағы достық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары марапатталады.
|
|
<center>Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі
|
<center>24 ақпан 2015
|
Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, конституционализм идеялары мен қағидаттарының қалыптасуы мен дамуына салмақты үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары марапатталады.
|
|
<center>Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі
|
<center>28 қыркүйек 2016
|
Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюына және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.
|
|
<center>Астанаға 20 жыл медалі
|
<center>17 сәуір 2018
|
Мерекелік медалімен Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.
|
|
<center>Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі
|
<center>8 ақпан 2020
|
Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін, қазақстандық қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, конституционализмнің идеялары мен қағидаттарын қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары марапатталады.
|
|
<center>Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі
|
<center>17 мамыр 2021
|
Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары марапатталады.
|