Қазақстан жолдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Жолдары– көлік құрылысы саласындағы ірі кәсіпорын. 1995 жылы 10 қарашада бұрынғы Автомобильдік жолдары және көлік құрылысы мин-терінің орнына құрылған “Қазақстан жолдары” мемлекеттік акционерлік компаниясының негізінде жеке меншік нысанда қайта құрылды. Компания автомобиль жолдары мен темір жолдарды, көпірлер мен жол өткелдерін, жол-құрылысы материалдарын, бұйымдары мен құрылғыларын өндірумен, жол-құрылысы техникасын жөндеуден өткізумен, жол жұмыстарына қажетті жабдықтар жасаумен айналысады. Құрамындағы 20 кәсіпорын бар. “Қазақстан жолдары” құрамындағы “Қазжолқұрылыс”, “Автосервис”, “Зеленстрой” сияқты ірі өндірістік фирмалар құрылыс-жөндеу жұмыстарын атқарады. Мысалы, “Қазжолқұрылыс” фирмасы Астана қаласындағы үкімет үйлерін салып, халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын және орталық көшелерді күрделі жөндеуден өткізді. “Автосервис” фирмасы “Астана-Петропавл” автомобиль жолын және Астана қаласындағы халықаралық әуежайға баратын жолды жөндеуден өткізді. Семей қаласындағы Ертіс өзеніне салынған көпірге І-техникалық санатқа жататын ұзындығы 7 км-лік жалғама жолды салды.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан жолдары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}