Қазақстан елшілерінің хабары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақстан елшілерінің хабары», Мұхтар Әуезовтің 1921 ж. жазылған публицистикалық мақаласы. Бұл туынды жанрлық жағынан корреспонденцияға жақын. Кенес екіметінің жергілікті орындарда жүргізіп отырған күнделікті іс-шараларын халыққа мәлім етіп, еңбекшілерді белсене іске кірісуге шақыру мақсатында жазылган.

«Баспахананың жұмысы уақытша тоқтап қалғандықтан, газетіміз мезгілінде шыға алмай, елшілер хабарының көбі кешеңдеп қалды. Құлағын түріп отырған елдің кебі күнбе-күн күтіп отырған хабарларының көбін қызу үстінде есіте алмай, дагдарып калды. Сондықтан хабарлардың қызұлы кезі етіңкіресе де, ел құлағына естілуі қажет болған хабарларды қорытып жазбақшымыз»

деген шығарма бастауынан-ақ оның хабарлама екендігі көрініп тур. Одан әрі

«Семей облысы екі шегіне уақытша Бұқтырма уезін қамтып, түгелімен Қазақстанға қосылатын болды. Ақмола облысындағы даулы жер - Омбы уезінің шегі, онын кесігін Мәскеу айтады, одан басқа уездер тұгелімен Қазақстанға қарайды, губерниялық кіндігі - Қызылжар болады»

деген жекелеген фактілердің басы қосылып, жинақталады. Сол арқылы автор тарапынан Қазақстан шекарасы туралы ауқымды меселелер қозғалады. Қазақ елінің бостандығы туралы ойлар да аракідік бой көрсетеді. 1921 ж. «Қазақ тілі» газетінде жарияланған бұл корреспонденция сол нұсқаның негізінде жазушының 20 томдық шығармалар жинағының 15-кітабына енгізілді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан елшілерінің хабары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}