Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы

Геологтардың негізгі мақсаттарының бірі — тау жыныстарының жасын анықтау. Ол мақсатты орындау палеонтологиялық зерттеу тәсілін қолданудың нәтижесінде мүмкін болды. Бұл тәсіл тірі ағзалардың (өсімдіктер, жәндіктер және жануарлар) эволюциясын зерттеп, оларды даму кезеңдеріне бөлуге және соның негізінде геохронологиялық кестені дайындауға мүмкіндік берді.

Палеозойга дейінгі жыныстар

Ең ежелгі кезеңдерде қалыптасты. Ол күшті үгілу нәтижесінде таулы аудандардың орталық қыркаларында жер бетіне шығып жатады. Кристалды тақтатастар мен гнейстердің жер бетіне шығып жаткан жерлері Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Мүғалжарда жәнө Сарыарқадағы Ұлытау мен Көкшетауда байқалады.

Палеозой жыныстары

Көптеген таулы аудандарда кездеседі. Мүғалжар, Сарыарка, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатай жәнө Алтай таулары осы жыныстардан тұрады. Оған: ақтас, кұмтас, кызғылт кұмтас, сазды тақтатас жатады.

Мысалы, қорғасын, темір, марганец, қалайы, вольфрам, алтын, т.б. кен орындарының пайда болуы палеозойлық жыныстардың таралуына байланысты.

Мезозой жыныстары

Біршама сирек кездеседі. Бұлар Маңқыстаудағы Қаратау жотасында, Жем үстіртінде, Іле және Торғай ойыстарында көп тараған.

Кайнозой шөгінділері

Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Олар палеогендік, неогендік және антропогендік болып белінеді. Палеогендік шөгінділер Шу, Іле, Жайсан жәнө т.б. қазаншұңқырлар мен ойыстардың жиектерінде, Үстіртте, Арал маңында, Торғай жазығында таралған.

Неогендік шөгінділер қызыл түсті, тығыз кұмды саздардан, малтатасты, құмды қабатты сары саздауыттан тұрады. Неогендік Шөгінділер барлық биік тау аймақтарында кездеседі.

Антропогендік (төрттік) шөгінділер

Қазақстанның барлық аймақтарында ұшырасады. Жердің геологиялық тарихында антропоген дөуірі ең соңғы және уақыты жағынан ең қысқа кезең. Бірақ антропоген шөгінділері қазіргі кезеңде де ірі жазықтармен тау аралық ойыстарда көптеп кездеседі. Олар әр түрлі жолмен пайда болған. Каспий маңы ойпатында, Қаракұм жәнө Торғай үстіртінде теңіздік шөгінділер тараған. Жердің геологиялық тарихында антропоген дәуірі ең соңғы және уақыты жағынан ең қысқа кезең. Бірақ антропоген шөгінділері қазіргі кезеңде де ірі жазықтарымен тау аралық ойыстарда көптеп кездеседі. Олардан көлдік және өзендік террасалар мен жағалау бойындағы жазықтар түзілген. Мұздық шөгінділер қазіргі мұз басқан Алтай, Жетісу Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелерінің аңғарларында кездеседі.<ref>Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} орььолробрбоборбҮлгі:Geo-stub