Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2000 № 52-53, 589-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 30 қаңтардағы қаулысымен2 <ref>ввавава</ref> құрылды, оған таратылған ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 30 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 30 қаңгардағы № 151 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001 № 4-5, 45-бап).</ref> комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Әділет министрлігі құзіретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласында үйлестіруді жүзеге асырған ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін инвестициялар мен техникалық көмекті тартуға қатысу; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы қызмет тәртібін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін әзірлеу. ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы ҚР Әділет министрлігін қайта ұйымдастыру туралы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы № 260 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004 № 11, 138-бап).</ref> таратылды. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}