Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті (Мемстандарт) (2001-2002)

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 31 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда

министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 31 қаңтардағы № 165 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 4-5, 54-бап).</ref>

ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің

қайта құрылуының нәтижесінде құрылды.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 шілдедегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда

министрлігінің Стандарттау, метро- логия және сетрификаттау жөніндегі комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 шілдедегі № 904 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 26, 312-бап).</ref> комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР заңнамасына сәйкес Экономика және сауда министрлігі құзіретінің шегінде стандарттау, метрология және сертификаттау саласында арнаулы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асырған министрліктің ведомствосы болып табылды. Комитеттің мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық органдары болды.

Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: стандарттау, метрология, сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты

қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; стандарттау, метрология, сертификаттау саласында мемлекеттік органдардың, жеке және занды тұлғалардың қызметін үйлестіру; стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшем бірлігі мен ҚР эталон базасын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; ҚР негіз қалаушы мемлекеттік стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз ету; стандарттау, метрология, сертификаттау саласында білікті кадрлар даярлауға қатысу; техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау, өнімдерді тізімдемелеу жөніндегі мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру; стандарттау, метрология, сертификаттау саласында іргелі зерттеулер жүргізілуін ұйымдастыру; стандарттау, метрология, сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына, өнім сапасына, өлшем құралының жай-күйі мен қолданылуына мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ тіркелген сертификаттау жөніндегі органдардың, сынақ зертханалары мен орталықтарының қызметін бақылау; үлгісін және бекітілген үлгісіне сәйкестігін растау мақсатында сертификаттау, сертификаттық сынақтар, өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және аттестациялау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және сынау жөнінде жұмыс жүргізу құқығына ұйымдарды сертификаттау және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерінде тіркеу.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының

мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> Экономика және сауда министрлігі оны ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен ҚР Индустрия және сауда министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды, оған өнеркәсіп, құрылыс және сауда, стандарттау, метрология, сертификаттау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері"

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап).</ref> ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология, сертификаттау комитеті құрылды. ҚР Экономика және сауда министрлігі Құрылыс және стандарттау, метрология және сертификаттау істері жөніндегі комитеттерінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері оларды ҚР Индустрия және сауда министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелеріне облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда

министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 41, 414-бап).</ref> комитет таратылды. Мүлкі жаңа құрылған ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология, сертификаттау жөніндегі комитетіне берілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}