Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті (2001-2002)

ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2000, № 52-53, 589-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің қаулысымен 2001 ж. 31 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 31 қаңтардағы № 165 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 4-5, 54-бап).</ref> ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2001 ж. 31 қаңтардағы қаулысымен3 комитет туралы<ref>"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 14 қыркүйектегі № 1388 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 46, 427-бап).</ref> ережеде оның ведомстволық бағыныстылығы өзгертілді. Құқықтық мәртебесі мен негізгі міндеттері өзгертілмеді. Комитет ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің құзіреті шегінде антидемпингтік, қорғаныш және өтем шараларын қолдану саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асырушы ведомство болып табылды.

Комитеттің негізгі функциялары мыналар болды: ішкі рынокті отандық тауар өндірушілерге елеулі зиян келтіретін немесе анық елеулі зиян келу қаупін туғызатын өскелең тауарлар импортынан қорғау; отандық тауар өндірушілерді материалдық зиян келтіретін немесе материалдық зиян келтіру қаупін туғызатын тауарлар импорты кезінде ішкі рыноктағы теріс пиғылды бәсекеден қорғау; ҚР экономикасы үшін зиянды зардаптарды жою үшін антидемпингтік, қорғаныш және өтем бажының объективті көлемдері жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002,№ 28, 307-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №41, 414-бап).</ref> оның мүліктерімен қоса жаңа қүрылған ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетіне берілді. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}