Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республнкасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті (2003-2004) ҚР Президентінің 2003 ж. 13 қыркүйектегі Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 13 қыркүйектегі № 1189 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 37, 372-бап).</ref> министрлік оны ҚР Мәдениет, ақпарат және [[қоғамдық келісім министрлігі]] оны ҚР Мәдениет министрлігі және ҚР Ақпарат министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 24 қарашадағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 24 қарашадағы № 1172 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 44, 477-бап).</ref> комитет туралы бүрын бекітілген ережеге <ref>Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті туралы тақырыптық анықтаманы және "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 7 мамырдағы № 543 қаулысын қара ( ҚР ПҮАЖ, 1999, № 17, 184-бап).</ref> оның ведомстволық бағыныстылығына өзгерту енгізілді. Комитеттің құқықтық мәртебесі, негізгі міндеттері және құрылымы өзгертілмеді.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 21 сәуірдегі қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 21 сәуірдегі № 445 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 18, 229-бап).</ref> комитеттің мемлекеттік мекемелері құрылды: ОММ, кинофотоқұжаттар мен дыбыстықжазбалар ОММ, ғылыми-техникалық құжаттама ОММ, мемлекеттік мұрағаттардың деректі материалдарын шағын көшірмелеу және қайта қалпына келтіру орталық лабороториясы; құжаттама және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1130 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 538-бап).</ref> комитет ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті болып қайта ұйымдастырылды. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}