Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері жөніндегі комитеті (2004- ) ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жуйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1130 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 538-бап).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен <ref>Сонда.</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет заңнамамен көзделген шектерде өз құзіретіне жатқызылған қызмет салаларындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

Комитеттің құрылымы

Басшылық; ұйымдық-құқықтық жұмыс және қаржылық қамтамасыз ету басқармасы: ұйымдастыру жұмысы және халықаралық қатынастар бөлімі; спортты қаржылық қамтамасыз ету бөлімі; құқықтық жүмыс және талдау бөлімі. Олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резерв басқармасы: олимпиадалық спорт түрлерін дамытуды бақылау бөлімі; оқу-спорт жұмысы бөлімі; бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту басқармасы; бұқаралық спорт жүмысы бөлімі; спорт объектілерінің пайдаланылуын бақылау және лицензиялау бөлімі.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}