Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті (2002-2004) ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығына <ref>"Азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы № 705 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрліғінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы № 1465 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 40, 508-бап).</ref> 2002 ж. 1 қаңтарда құрылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 10 қаңтардағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 10 қаңтардағы № 22 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 1, 8-бап).</ref> комитет туралы ереже бекітілді. Комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері құрылды.

Ережеге сәйкес комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде арнайы атқарушылық, бақылау-қадағалау функңияларын, сондай-ақ дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық өнеркәсіп бұйымдарының айналымы саласындағы басшылықты жүзеге асырған ҚР Денсаулық сақтау министрлігініц ведомствосы болып табылды. Комитеттің аумақтық органдары болды.

Комитеттің бұрынғы негізгі міндеттері

Дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық өнеркәсібінің жұмыс істеуі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу; халық пен емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі- дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі шараларды анықтау; өз құзіреті шегінде дәрі-дәрмек құралдарынвщ айналымы саласында халықаралвщ ынтымақтастықты жүзеге асыру. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1117 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 41, 529-бап).</ref> комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті болып қайта құрылды, оған ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілген фармацевтика және медицина өнеркәсібін реттеуден басқа өз функциялары берілді. Комитеттің аумақтық бөлімшелері де министрліктің Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері болып қайта ұйымдастырылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}