Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитеті (2002- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығына<ref>"Азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы № 705 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы № 1465 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 40, 508-бап).</ref> 2002 ж. 1 қаңтарда құрылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 10 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 10 қаңтардағы № 21 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 1, 7-бап).</ref> комитет туралы ереже бекітілді. Мемлекеттік мекемелері оларды көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері мен көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жүзеге асыратын орталықтар-мемлекеттік мекемелерге бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды. Ережеге сәйкес комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылды. Комитеттің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау аумақтық органдары: көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталық басқармасы; аймақтық темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары; әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары; бөлімшелік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары болды.

Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу, халықты санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 9 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 9 желтоқсандағы № 1293 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 44, 438-бап).</ref> комитеттің әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы оны комитеттің Солтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс аймақтық әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларына бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды. Комитеттің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталық басқармасы оны Солтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс аймақтық әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама басқармаларына бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1125 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 534-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың мониторингін жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ халықты санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Комитеттің көліктегі аумақтық бөлімшелері бар: көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталық басқармасы; аймақтық темір жол және әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары; бөлімшелік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары. Комитетің құрылымы: басшылық; эпидемиологиялық бақылау басқармасы; эпидемиологиялық бақылау бөлімі; карантиндік және зооноздық жұқпалы аурулар бөлімі; санитарлық-гигиеналық бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық нормалау басқармасы; санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімі; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 21 шілдедегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы үйымдарды қайта атау туралы" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 21 шілдедегі № 760 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 31, 403-бап). Қаулы 2006 ж. 1 қаңтарынан күшіне енді.</ref> комитет қарамағындағы ұйымдар атаулары қайта аталды. Комитет туралы ережеге өзгерту енгізілді: комитеттің аумақтық органдарының атаулары "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылды; көліктегі санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау орталық басқармасы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасы болып қайта аталды<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}