Қазақстан Республикасының прокуратурасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.

Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді. Басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерін, айрықша тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, аға прокурорлар мен басқармалардың және бөлімдердің прокурорларын қызметке Республиканың Бас прокуроры тағайындайды және қызметінен босатады.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}