Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі (2000- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>1 "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2000, № 52-53, 589-бап).</ref> ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. Министрлікке: қайта ұйымдастырылған ҚР [[Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі]]нің геология және жер қойнауын қорғау саласындағы, ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігінің жер қойнауын пайдалану саласындағы өкілеттіктері берілді. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қаңтардағы қаулысымен<ref>2 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қаңтардағы № 133 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 3, 37-бап).</ref> министрлік туралы ереже бекітілді.

Мына ведомстволар: ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті болып; ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті болып; ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Аэроғарыштық комитеті - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Аэроғарыштық комитеті болып; ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Ережеге сәйкес министрлік атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, кен-металлургия, химия, мұнай-химия және атом өнеркәсібі салаларында басқаруды жүзеге асыратын, өз құзіреті шегінде мемлекеттік басқару мен бақылау қызметін орындауға уәкілетті ҚР орталық атқарушы органы болып табылды.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды:

  • атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
  • өз құзіреті саласында ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негізінде отын-энергетика кешенін, өнеркәсіп салаларын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзірлеу, осы салаларда жарғылық капиталдарына мемлекет қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілерді қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • ҚР жер қойнауын зерделеу, пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу; * атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтауына бақылауды қамтамасыз ету;
  • ҚР инвестициялық саясатын әзірлеу және іске асыруға қатысу;
  • ҚР инвестициялық ахуалды жақсарту және тікелей инвестицияларды ынталандыру жөнінде шаралар әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • энергетика ұйымдары қызметіне мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүргізу;
  • мемлекеттік активтерді тиімді басқару, республикалық меншікті жекешелендіру саясатын жүргізуте қатысу;
  • мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып экспорттық бақылау саласында мемлекеттік саясат жүргізуге қатысу;
  • өз құзіреті шегінде ғылыми-техникалық салада кәсіпкерліктің, инновациялық қызметтің дамуына, ғылыми-техникалық өнімдер рыногының қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау;
  • атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметті мемлекеттік қадағалау және реттеу, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету;
  • "Байқоңыр" ғарыш айлағының, бұрынғы Семей ядролық полигонының объектілерін тиімді пайдалану;
  • ҚР бірыңғай ақпараттық кеңістігін қүруға қатысу.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 2 сәуірдегі қаулысымен<ref>3 "Мұнай-газ тасымалы саласын дамытудың жекелеген мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 2 сәуірдегі № 390 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 10, 96-бап)</ref> министрлік магистральды мұнай құбырларымен мүнай мен газ тасымалдауға, кейіннен оларды сақтауға және көліктің басқа түрлеріне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақүрылымы нысандарын жоспарлау, жобалау, салу мәселелері бойынша, сондай-ақ мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының бар нысандарын пайдалану мәселелері бойынша құрылыс қызметі саласында реттеуді және бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік басқару органы болып айқындалды. Мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру мәселелерін және бақылау мен қадағалау функцияларын қоспағанда, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жұмыс органының функциялары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамына жүктелді.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>4 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап)</ref> министрлік қайта ұйымдастырылды: өнеркәсіп басқару (жылу-энергетикалық өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану саласынан басқа) жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Индустрия және сауда министрлігіне; аэроғарыштық қызмет саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне берілді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі қаулысымен<ref>5 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 25 қаңтардағы № 133 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1040 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №31, 337-бап)</ref> министрліктің құқықтық мәртебесіне өзгертулер енгізілді: министрлік атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсібі салаларында басқаруды жүзеге асыратын, өз құзіреті шегінде мемлекеттік басқару мен бақылау қызметін орындауға уәкілетті ҚР орталық атқарушы органы болып табылды. Осыған сәйкес министрліктің негізгі міндеттерінен кен-металлургия, химия өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру, "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілерін тиімді пайдалану міндеттері алынып тасталынды.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>6 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> министрлік жер қойнауын қорғау жөніндегі бақылау-қадағалау функциялары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, сондай-ақ энергетикалық ұйымдарды күзгі-қысқы кезеңге дайындауды ұйымдастыру (ұлттық компаниялардың қызметін үйлестіруден басқа) жөніндегі функциялары жергілікті атқарушы органдарға беріле отырып қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>7 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 қазандағы № 1105 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 38, 515-бап).</ref> министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Министрлік атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару үрдісін жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің негізгі міндеті өз құзіреті шегінде ҚР экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>8 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1107 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 39, 518-бап).</ref> министрліктің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Геология және Жер қойнауын пайдалану комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Осыған сәйкес комитеттің аумақтық басқармалары-мемлекеттік мекемелері де қайта ұйымдастырылды. Комитет туралы ереже, оның құрылымы мен оның аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}