Қазақстан Конституциялық Кеңесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.

Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.

Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

Конституциялық Кеңес:

  • Республика Президентінің сайлауы;
  • Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

Конституциялық Кеңес:

  • Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;
  • Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституциялық Кеңес:

Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

  • Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.

Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Тарихы

ҚР Үкіметі атқару өкіметін жүзеге асырады, атқару органдарының жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді<ref>2 1995-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары(1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. Қазақстан Республикасы ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 105-107 б. 2001-2005 жж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәртебесі мен өкілеттігі өзгертілмеді. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref>

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары(2001-2005 жж.):<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары(2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы[[Президент|Президентінің]]Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына<ref>1 "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы № 2737 Жарлығы(ҚР Парламентінің Жаршысы, 1995, №24, 173-бап).</ref> сәйкес қүрылды.

Конституциялық Кеңес республиканың барлық аумағында ҚР Конституциясының жоғары түруын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды<ref>2 1995-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 125-126 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref>.

КР Конституцияльщ Кеңесі төрағасының 2001 ж. 1 ақпандағы бүйрығымен<ref>3 Ағымдагы мұрағат.</ref> ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты туралы оның мәртебесі,міндетгері мен функциялары белгіленген ереже және құрылымы бекітілді.

ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты ҚР Конституциялық Кеңес қызметін және оның өкілеттіктерінің іске асуын қамтамасыз ету үшін қүрылды. Аппарат үйымдық, ғылыми-қүқықтық, ақпараттық-анықтамалық және басқа ҚР Конституциялық Кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы жүмыстарды орындайды.

ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты құрылымдық бөлімшелері:ғылыми-қүқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім,қаржы-шаруашылық бөлімі.

ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2002 ж. 1 қаңтардағы бұйрығымен<ref>4 Ағымдагы мұрағат.</ref>

ҚР Конституцияльщ Кеңесі аппаратыньщ құрылымы бекітілді:ұйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі; құқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім; қаржы-шаруашылық бөлімі.

ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2004 ж. 15 қыркүйектегібүйрығымен

ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының қүрылымына өзгертулер енгізілді: ұйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі мен жалпы бөлім үйымдастыру және кадрлар жүмысы бөлімі болып, қүқықтық және ақпараттық-талдау бөлімдері қүқықтық сараптама бөлімі болып қайта үйымдастырылды. ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2005 ж. Маусымдағы бүйрығымен қаржы-шаруа тттылық бөлімі қаржы бөлімі болып қайта қүрылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.):<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Kz-stub