Қазақстан Жоғары Мектебі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Жоғары Мектебі – халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басылымы ретінде 1995 жылдан тоқсан сайын шығып келеді. Журнал жоғары мектеп реформасын жүзеге асыру, университеттер мен институттар тарихы мен бүгінгі таңның көкейтесті мәселелері, Республиканың көрнекті ғалым, педагогтарының өмірі мен қызметі, студент – жастар тәрбиесі, өркениетті елдердің білім беру жүйесі мен озық тәжірибелері, жоғары мектеп педагогикасы мен әдістемесі тақырыптарындағы материалдарды үзбей жариялап отырады. “Ізденіс” – “Поиск” гуманитарлық және жаратылыстану сериялары мен “Ұлт тағылымы” этнопсихологиялық, этнопедагогикалық бағыттағы үш ғылыми қосымшасы ғылыми кадрлар даярлауға, еліміздің ғылыми интеллектуалдық әлуетін көтеру ісіне үлес қосып келеді. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}