Қазақстан-Атырау (телеарна)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компания

«Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының ғимараты Ж.Молдағалиев көшесі 29, Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Бұл үшқабатты, қайта жөндеуден өткен ғимарат.<ref>http://atyrautv.kz/</ref>

Бірінші қабатта әкімшілік пен ақпараттық және тақырыптық бағдарламалардың редакциялары орналасқан. Редакцияларда ортақ желiге қосылған жетi кеңсе компьютерлерi бар. Сервер жүйелік әкімші бөлмесінде орналасқан. Әкiмшiлiк корпустың барлық кеңсе компьютерлерi кең жолақты интернет желiсіне қосылған. Мұрағат материалдары видеокассеталарда фонотекада сақталған.

Теледидар хабарларының таратылуы: Атырау қаласында 5 арнамен 17 сағат және Атырау облысы бойынша тәулігіне 1 сағат. Бағдарламалар қамту радиусы ТВ 50 ±7 км.Таралым ТПВ 1000 РТС Атырау қалалық хабарлағыш көмегімен таратылады. Хабар тарату антеннасы 180 метрлік мұнараның 153-і метрінде орналасқан. Облыстық дидардан Атырау қала РТС-на (дыбыс + видео) сигналдың берiлуi ВОЛС бойынша iске асады,Атырау облысы бойынша хабар тарату кезінде сигнал ВОЛС арқылы Алматы қ. СҚТС Кателко АҚ жеткізіледі. Радиохабардың таратылуы: 102 Fm жиілігінде «ELEKTRONIKA» радиоқабылдағышы арқылы таратылады шығыс қуаты 250 Вт, антенна көрші КМК «Атырау-ақпарат» ғимаратының төбесінде орналасқан, биіктігі 30 м. Нақты қабылдау радиусы 10-12 км.

Атырау облыстық телерадиокомпаниясының хабар тарату саясаты «Қазақстан» РТРК» АҚ жүргізіп отырған саясатқа толық сәйкес келедi. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы тығыз байланысты орнатуға, ақпараттық және ағарту функцияларын орындауға бағытталған. Филиалдың концептуалды ақпараттық саясаты Қазақстан 2030 даму стратегиясының насихатталуына негізделген, оның басым бағыттары, әлеуметтiк-экономикалық, өлкеміздің саяси және мәдени өмiрiн шынайы жария ету болып табылады.Телеарнаның негізігі мақсаты - мемлекеттік саясаттың аймақтық деңгейде жүргізілуін насихаттау.

Телеарнаның шығармашылық ұжымымен медиа – жоспар жасақталып бекітілген, ол Елбасының жыл сайынғы жолдауының орындалу барысын айқындап,барлық мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде әрдайым циклдік немесе арнайы бағдарламалардан көрініс табады. Жалпы апталық телеарнаның хабар таратуы 119 сағатты құрайды.Олардың ішінде мелекеттік тілдегілер – 80,30 сағат немесе жалпы хабардың 68 пайызы. Филиалдың меншікті бағдарламалары 45 сағат немесе жалпы хабардың 38 пайызын құрайды.

Жедел жаңалықтар топтамасы 14,3 пайызды құрайды. Ол эфир кестесінде маңызды орын алады. Сонымен қатар,телеарнада қоғамдық-саяси,мәдени-танымдық және ойын-сауық бағдарламалары дайындалып, эфирге жіберіледі.Олар жалпы таралымның 24,4 пайызын құрайды. Телеарнаның басшылығы тіл мәдениетінің қалыптасуын,тіл тазалығын сақтауды жіті қадағалайды. Филиал мол видео және аудио мұрағатқа иелік етеді.Жыл сайын шығармашылық құрамның біліктілігін арттыру мақсатында мастер –класстар , семинарлар мен тренинг сабақтары ұйымдастырылады. Филиалда эфирге жаңалықтар топтамасы үздіксіз,ал,саяси-қоғамдық,әлеуметтік –экономикалық, және мәдени-танымдық тақырыптық бағыттағы 23 циклдық бағдарлама екі тілде шығарылады.

Сонымен қатар:

  • Күн сайынғы «Жаңалықтар» және «Новости» ақпараттық шығарылымдары;
  • «Армысың Атырау» - күн сайынғы танымдық ақпаратты-ойын-сауық бағдарламасы тікелей эфирде интерактивті түрде шығып келеді;
  • «Өрлеу» тақырыбы ауқымды циклді хабары, Елбасының дәстүрлі халыққа жолдауын , Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын дәріптейді; *«Тұжырым» ақпараттық сараптау қорытынды бағдарламасы, тікелей эфирдегі «Әлеумет» бағдарламасы екі тілде, «Арнайы репортаж» сараптау бағдарламасы,қоғамдық-экономикалық және рухани-мәдени бағыттағы -
  • «Аманат», «Майталман», «Зерт-зерде», «Ауыл тынысы», «36,6» бағдарламалары да телеарна эфирде күн сайын көрсетіліп отыр.

Филиалда жаңалықтар топтамасы шығарылымы үшін бөлек студия жасақталып, толықтай пайдаланылуда. Оның заманауи жабдықтармен және дизайнмен жарақтандырылғандығы «Жаңалықтар» шығарылымының сапасын жақсартып, көрімділігін арттыруға септесті. Жаңалықтар топтамасының шығу уақыты республикалық электронды БАҚ-тың жаңалықтар тарату уақытымен қабаттаспайтындай етіп, яғни, телекөрермендер сұранысына сай таңдалды.

Негізгі студиядағы декорацияны жедел өзгертуге мүмкіндік беретін жаңа «тұстамалар» («задники») жасақталып, дайындалды. Компьютерлік графика дизайнерімен әр бағдарламаның стилистикасы мен жалпы арнаның толықтай заманауи талаптарға сай болуы мақсатында тұрақты жұмыс жүргізіліп отыр (жаңа «заставкалар», «шапкалар» және «отбивкалар» дайындау).

Нәтижелігін арттыру мақсатында үш редакцияның (жаңалықтар қызметі, қазақ тіліндегі бағдарламалар редакциясы, орыс тіліндегі бағдарламалар редакциясы) шығармашылық ұжымы бөлініп, бір-біріне тәуелсіз жұмыс істеуде. Үш редакцияның әр қайсысына операторлар бекітілген. Түсірім (түсірілім/съемка) тәртібін сақтау мақсатында координаторлық қызмет құрылып, ол өз міндетін атқарып келеді. Бұл орайда, көбіне таңдау бастамашыл түсірімдерге түседі. Филиалдың эфирлік кестесі қаланың бүгінгі таңдағы жарнамалық нарығына барынша икемделген. Көптеген бағдарламалар демеушілікке ие.

2008 жылы студияның арнайы жарық беру құрылғысымен жарақтандырылғандығы, бүгінде студияда үлкен ток-шоулар ұйымдастырып, студиялық бағдарламалар түсірілімін жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Атырау филиалы Әкімдікпен және облыстың басқа да ірі ұйымдарымен тығыз жұмыс жасайды.

Облыстық телеарна бағдарламасының қамту аймағын кеңейту үшін тұтастай Атырау облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 14 сағаттық меншікті эфирлік шығарылымды қамтамасыз етіп отыр.

2010 жылдан бастап телеарнаның облыстың әр ауданында өз тілшілер қосыны бар. Ауданда дайындалған материал 512 Мбит/с өлшемдегі интернет арқылы орталыққа жіберіледі.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы