Қазақстанның ерікті кәсіподақтар конфедерациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстанның ерікті кәсіподақтар конфедерациясы (ҚЕКК) – ерікті кәсіподақтар бірлестігі. 1989 жылы 1 – 2 қарашада құрылған «Бірлесу” кәсіподағы мен басқа да тәуелсіз кәсіподақтар негізінде 1991 жылы 23 тамызда өткен құрылтай съезінде құрылған. 1992 жылы 28 желтоқсанда заңды тұлға болып табылатын 97 кәсіподақтың қоғамдық бірлестігі тіркелді. Мүшелерінің саны 800 мың адам (1997). 1997 жылы наурызға дейін конфедерация ресми түрде Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақ орталығы деп аталды. 1997 жылы мамырда ҚЕКК деген атпен қайта тіркелді. 1994 жылы сәуірде өткен съезде Жарғысы қабылданып, 1997 жылы наурызда өткен 2-конференцияда оған түзетулер енгізілді. Жарғыға және қабылданған шешімдерге сәйкес конфедерацияның негізгі міндеттері жалдамалы еңбек адамдарының мүдделерін қорғау, еңбекшілерге әлеуметтік кепілдіктер беру, қоғамдық наразылықтың жанжалдар мен қақтығыстарға ұласуына жол бермеу, әр түрлі әлеуметтік мүдделерді ескеретін және теңдестіретін қоғамдық тетіктерді әзірлеу. Ұйым өзінің саяси іс-қимылында үкіметтің, кәсіподақтардың және жұмыс берушілердің үш жақты комиссиясы шеңберінде әлеуметтік әріптестікке ден қояды.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстанның ерікті кәсіподақтар конфедерациясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}