Қазақстанда футбол

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстанда футбол, өзінің бастауын 1913 жылдан алады. Осы жылы Семей қаласында " Жарыс" атты команда құрылды. "Жарыстың" шабуыл шебінде 16 жасар жасөспірім болашақ ұлы жазушы Мұхтар Омарұлы Әуезов ойнаған еді. XX ғасырдың алғашқы ширегінде жүздеген ауылдар мен қалаларда дене тәрбиесі ұжымдары құрылып соларда футбол секциялары ұйымдастырылды. 1939 ж. "Динамо" футбол клубы бастауыш кпубтардың арасындағы КСРО чемпионатында Таганрогтың "Торпедо" командасын 3 : 1 есебімен ұтып еліміздің кубогін жеңіп алды. Команданың құрамында ағайынды Г. және К. Бедрицкийлер, В. Трофимов,И. Шаммов, Н. Писяуков сияқты белгілі футболшылар ойнады. Олардың көбісі соғыстан кейінгі жылдары да футболмен айналысуды жалғастырды. Динамошылар бастауыш ұжымдар арасындағы 1946 жылы еткен жарыста да жүлделі үшінші орынға ие болды. Орта Азия республикалары мен Қазақстан футболшыларының арасындағы аймақтық жарыста жеңіске жеткен республиканың құрамасы "Б" тобында енер керсетті. Ақыры 1957 ж. Алматыда "Қайрат" командасы құрылды. Футболдың өркендеуіне байланысты үлкен қалаларда стадиондар салынды. Алматыда "Динамо", "Спартак", Қарағандыда "Шахтер" стадиондары іске қосылды. 1957 ж. Алматыда алғашқы халықаралық жарыс өтті. Астаналықтар (сол кезде Алматы республиканың астанасы) Финляндияның командасын қабылдап жеңіске жетті. 60-шы жылдардың аяғында республикада "Б" тобы құрылды. Бұл топта кептеген облыс орталықтарының командалары енер көрсетті. 2002 ж. ҚР-ның футболшылар одағы УЕФА-ға мүше болып қабылданды.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстанда футбол|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}