Қазақстанда көркемөнердің дамуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Қазақстанда көркемөнердің дамуы

Халық жазушысы О.Сүлейменовтың көпжылдық зерттеу еңбегінің нәтижесі болып табылатын, дүниежүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған көлемді еңбегі- "жазу тілі" кітабы жарық көрді. Адамның бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленілуі мәселесін көтерген М.Шахановтың "Өркениеттің адасуы" кітабы республикадан тыс жерлерге мәлім болды. Өлеңмен жазылған бұл романында автор адамдардың өзара қауышуы негізінде қалыптасқан дәстүрлі құндылықтардан айырылып қалуы, соның салдарынан гуманистік ұстанымдардың жойылып бара жатуы бүкіл адамзатты рухани тығырыққа әкеп тіреп отыр деген қорытынды жасаған. Қазақ әдебиеті жаңа шығармалармен толықтырылды. Ә.Нұрпейісов Арал және ондағы адам тағдыры туралы "Соңғы парыз" романын, М.Мағауин "Мен" атты философиялық толғауын, Қ.Жұмаділовтың Қаракерей Қабанбай туралы "Дарабоз" дилогиясын оқырмандар назарына ұсынды. Ресейдің Қазақстандағы жіне Қазақстанның Ресейдегі жылдарының жариялануына байланысты шаралар шеңберінде көптеген қазақ жазушыларының шығармалары орыс тілінде жарық көрді. Компазитор Е.Рахмадиевтің "Абылай хан", А.Серкебаевтің "Томирис" опералары жанр табысы деп танылды. Классикалық музыка өнері саласында А.Мұсаходжаева, Ж.Әубәкірова, М. Мұхамедқызы, Н. Үсенбаева және тағы басқалар едәуір шығармашылық жетістіктерге қол жеткізді.

Дерек көз

<ref>Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы, Алматы Мектеп 2009 жыл</ref>