Қазақстандағы сумо күресі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстандағы сумо күресі, 1996 ж. Алматыда өткен күрес фестивалінің бағдарламасына сумо күресі де енген еді. Осы фестивальдің барысында республикалық бірлестік құрылды. Сөйтіп жаттығулар басталып кетnі. Келесі жылы жерлестеріміз Жапонияның Осака қаласында өткен Әлем чемпионатына қатысты. Осында 85 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде алғаш рет М.Щепетюк алғашқы наградаға ие болды. С.Рамазанов та қола медаль алды. 1996 ж. республиканың құрама командасы Токиода өткен Әлем чемпионатына қатысты. Өз салмақ дәрежелері бойынша С.Рамазанов пен М.Тәшкенбаев алдынғы сегіздіктің қатарына енді. Ал Азия чемпионатында ауыр салмақты Ю.Мариновский қола медалдың иесі атанды. 1998 ж. Алматыда ҚР-сының ашық чемпионаты өтті. Бұған көршілес Қырғызстанның және сумоның отаны Жапон елінің командалары келді. Жалпыкомандалық есепте 1-орынға Қазақстанның құрамасы шықты.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстандағы сумо күресі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}