Қазанасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қазанасы, Күздік - Батыс Қазақстан аймағында күз айларында, соғым алдында сойылатын мал еті. Қазанасы үшін тандалған ісек не тай-баспақ бірнеше ай бұрын бордақыланып, семіргіледі. Кей жерлерде Қазанасына сойылатын ісекті терісімен үйітіп, мүшелейді. Бұл қыс түсіп, күн суытқанша еттің бұзылмай сақталуын, әрі Қазанасының мол болуына мүмкіндік береді.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>