Қазалы кітапханасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Gani Bay Mosque.jpg
Бұрын Ғани бай мешіті болған кітапхана ғимараты

Қазалы кітапханасы — мәдени мекеме, 1900 жылы 2 желтоқсанда Қазалы қаласында ашылған.

Кітапхананың ұйымдастырылуына сол кезде Қазақстан мен Орта Азияның табиғаты мен тарихын зерттеп жүрген орыс зиялылары ықпал етті. Ресейден жер аударылып келген Ресей социал-демократтарымен қазақ интеллигенция өкілдері кітапхана қорын толықтыруға көмектесті. Алғашқы жылы кітапхана қорына 437 кітап жинақталды, 113 тұрақты оқырманы болды. Арал теңізін зерттеуге келген академик А.С.Берг кітапханаға бірнеше ғылыми әдебиет, саяхатшы П.П.Семенов-Тянь-Шаньский екі жүзге тарта кітапқа қолтаңба жазып, сыйға тартқан. Қазақстан мен Орта Азия жастарының жетекшісі Ғани Мұратбаев кітапхана жұмысының жандануына көп еңбек сіңірді.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Stub Үлгі:Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері