Қажығалиев Ержан Абзалханұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қажығалиев Ержан Абзалханұлы - 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы халық шаруашылыгы институтынын саудаесеп жүргізу факультетін бітірген <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1992 жылы Алматы қалалық атқару комитетінің қоғамдык тамақтандыру басқармасында, "Жеті жарғы" (1992, 1994-2001), "Жалын" (1993-1994) баспаларында бас бухгалтер болып еңбек етсе, "Мектеп" баспасы" ЖШС-ында 2001 жылдан бүгінгі күнге дейін бас бухгалтер қызметін атқаруда.

Е.Қажыгалиевтің еңбекте қол жеткен табыстары лайықты бағаланып, бірнеше рет алғыс және мақтау грамоталарымен марапталған. Бухгалтер мен аудиторларды сертификациялаудың СІРА EN американдық бағдарламасының қорытындысы бойынша халықаралық стандартқа сәйкес ТМД елдеріндегі орыс тілінде қаржылай есеп берудің "САР" мамандығынан бухгалтер-практик сертификатын иеленді.

Е.Қажыгалиев Қазақстан Республикасының білікті бухгалтерлері мен аудиторлары Палатасының мүшесі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}