Қажыбек Құдайбергенұлы Бекбосынов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қажыбек Құдайбергенұлы Бекбосынов(19.05.1946 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы) – әнші, Қазақстанның халық артисі (1998).
- Алматы облысы Ақсу ауданында туған. Алматы эстрада-цирк өнері студиясын бітірген.
- 1967 – 96 ж. Қазақконцерттің әншісі болды.
- 1996 жылдан Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әншісі болды.
Мұхит, Ақан сері, Біржан, Әсет, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаев, Естай әндерін орындайды.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Ол орындаушылық шеберлігімен қазақ әншілік өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан. Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс береді.<ref>2011 жылғы 19-22 мамыр аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі</ref>
Дереккөздер
<references/>