Қажахмет Балахметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Қажахмет Балахметұлы Балахметов (26 маусым 1926, Сұлукөл ауылы, Айыртау ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы — 6 қараша 2021) — ғалым-педагог, тарихшы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1948). 1948–52 жылдары Сырымбет орта мектебінің мұғалімі, 1953–57 жылдары Біржан сал ауданы Макинск және Степняк орта мектептерінің директоры, 1957–60 жылдары Көкшетау облысы Халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1968–80 жылдары меңгерушісі, 1970–74 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің Ғылым және Білім беру мекемелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1974–87 жылдары Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметтерін атқарған. 13 жыл бойы қазақ-корей достығы қауымдастығының төрағасы болды. Білім беру мәселелеріне арналған 70-тен аса еңбектері жарық көрді. ТМД-ның Халықаралық балалар қоры ассоциациясының вице-президенті болып сайланған. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен, төс белгілермен және грамоталармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Суретсіз мақала