Қадыр Маткенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қадыр Маткенов (1935-2006 ), Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген (1957). Жолдамамен (1957ж.) Қарсақбай мыс қорыту зауытына келіп, еңбек жолын катардағы жұмысшыдан басгаған. Ауысым шебері (1958-1% 1), металлургия цехының бастығы (1962-1972), зауыттың бас инженері (1972), 1973 ж. бері зауыт директоры болды. Карсақбайда табан аудармай 47 жыл еңбек етеді. Еңбек Қызыл Ту (1966), «Құрмет Белгісі» (1974) ордендерімен марапатталған. ҚазКСР-інің еңбек сіңірген металлургі (1978), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1998). Жезді және Ұлытау ауданының құрметті азаматы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}