Қадыржан Жасұланұлы Забих

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қадыржан Жасұланұлы Забих.JPG
Қадыржан Жасұланұлы Забих

Қадыржан Жасұланұлы Забих

1965 жылы 27 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Березин кентінде туған. Қазақ.

Әкесі - Забих Жасұлан (1939 жылы туған), зейнеткер. Анасы - Забих Үлболсын (1947 жылы туған), зейнеткер.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1990) журналист мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетін (2002) заңгер мамандығы бойынша үздік бітірген.

Дзю-до күресінен ҚР спорт шеберлігіне кандидат. Детектив жанрындағы «Құпия пәтердегі қантөгіс» кітабының (1998), сондай-ақ 3 000-ға жуық мақаланың және жарияланымның авторы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1990 жылдан - республикалық «Жас Алаш» газетінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы меншікті тілшісі. 1999 жылдан - ҚР Бас прокуратурасы ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас маманы .2001-2007 жылдары - «КТК» телеарнасы ақлараттық бағдарламалар бас редакторының орынбасары, бас редакторы - мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың жетекшісі, мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың директоры, меншікті хабар тарату директорының орынбасары; «Ел арна» телеарнасының директоры.

Қазіргі уақытта - «Известия-Қазақстан» ЖІІІС бас директоры.

ҚР Президентінің Алғыс хатымен ескерілген (2005). Қазақстан журналистер одағының Бұлқышев Баубек атындағы, «Алтын жұлдыз» (2005) сыйлықтарының лауреаты (1992).

Әскери атағы - аға лейтенант.

Хоббиі - суда жүзу, тау шаңғысы.

Сүйіп оқитын әдебиеті - детектив, классика.

Үйленген. Жұбайы - Забих Шолпан Аралбайқызы (1970 жылы туған), заң ғылымдарының докторы. Ұлы - Саят (1991 жылы туған); қызы - Назым (1993 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}