Қадир Хабитұлы Ғайсин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғайсин Қадир Хабитұлы (11.12.1924 жылы туған, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы) — еңбек және соғыс ардагері. Орал педогогика институтын, ауыл шаруашылық техникумын бітірген. 1942-47 ж. аралығында 116-атқыштар полкінің құрамында 1,2-Украина майдандарында соғысады; Праганы (Чехословакия) азат етуге, Батыс Украинадағы бендеровшілер отрядтарын жоюға қатысады. Майданнан оралған соң Жәнібек, Жымпиты ауданында партия-кеңес органдарында басшылық қызмет атқарды. 1972-85 ж. аралығында Орда ауданындағы М. Мәметова атындағы кеңшар директоры, 1987 жылдан облысы ардагерлер ұйымының төрағасы болды. Бірнеше орден, медальмен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қадир Хабитұлы Ғайсин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}