Қабысу (Қазақ тілі)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қабысу сөз тіркесі құрамындағы бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңармен жалғаусыз, іргелес тұрып орын тәртібі тәсілі арқылы байланысуы. Сөз тудырушы формалары жоқ немесе аз тілдерде бұл тәсілдің атқарар қызметі ерекше. Мысалы, қытай, ағылшын, француз тілдерінде сөздердің орын тәртібі өзге тәсілдердің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Сөз түрлендіруші формаларға бай түркі тілі, соның бірі қазақ тілінде де атапған тәсілдің атқарар қызметі кем емес. Қабысу синтаксистік байланыстың жиі қолданылатын түрінің бірі. Тіл фактілеріне жүгінетін болсақ, кез келген сөздер жалғаусыз, шылаусыз орын тәртібі тәсілі арқылы байланысқа түсе бермейді. Олар өзара тіркесу үшін мағыналық жақтан да, грамматика жақтан да сәйкестікте болуы керек, әрі ондай сөздер іргелес тұрып, араларына сөз салмай, белгілі бір ырғақпен айтылуы қажет. Мағыналық тұрғыдан байланысы бар сөздердің басын құрастыруда ұйтқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Осымен байланысты іштей қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері және қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері болып екі салаға белінеді. Қабысу байланысқан есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары әр уақытта есімдер, олардың ішінде зат есімдер болып келеді. Өйткені зат есімдер өзінің лексика-грамматика мағынасына орай түр, түс, сын, сапаны білдіретін сын есімдермен, анықтауыштық қызметте жұмсалатын сан есім, зат есім, есімшелер, есімдіктермен тіркесуге бейім тұрады да, анықтауыштық қатынастығы сөз тіркестерін құрайды. Қабысу байланысқан сөз тіркестерін құрастыруда етістіістердің де атқарар қызметі мол. Әр түрлі іс-әрекеттің, қимылдың мәнін айқындау үшін етістіктер ұйтқы сөз ретінде үстеулермен, көсемшелермен, еліктеу сөздермен, ретіне қарай сан есім, сын есімдермен тіркесе береді. Жоғарғы оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақтілі" (1992, 82-6.) оқулығында ағаш кесу, пішен ору, үй салу, газет оқу тәрізді тіркестер қабысудың қатарында қарапған. Сырттай қарағанда осылай ету орынды да, апайда осылардың іргелес тұрып жымдаса байланысуы бағыныңқы сыңар құрамынан табыс септік жапғауының түсіп қалуымен тікелей байланысты. Егер аталған сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларына табыс септік жалғауын жалғайтын болсақ, тіркес құрамындағы сөздердің байланысы солғындайды, арқауы босайды, арапарына өзге бір сөз кірістіруге болады: ағаш кесу ағашты балтамен кесу. Жоғарыда келтірілген мысалдар табыс септігінің жапғаулы түрінде болсын, болмаса жапғаусыз түрінде қолданылсын, бәрі бір, тек бір ғана мағынаны, бір ғана синтаксистік қатынасты білдіреді, ол тура объектілік мағына, толықтауыштық қатынас. Сонымен атапған тіркестердің қандай қолданыста болмасын тек толықтауыштық қатынаста жұмсалуы, сондай-ақ бағыныңқы сыңар құрамына қинапмай, кедергісіз табыс септік жалғауының жапғануы мұндай типтті тіркестердің қабысуға емес, меңгеруге жататындығын көрсетеді. Алайда бұдан бір сөз тіркесі екінші сөз тіркесіне ауыспайды деген пікір тумаса керек. Тіл дамуы барысында бір құбылыстың екінші бір құбылысқа ауысып, көшіп отыруы-заңды нәрсе. Мысалы, кешке келеді, түнде кетеді, бурыннан біледі, кезекпен сөйлейді, етпетінен құлады тәрізді сөз тіркестерін алатын болсақ, бұлар тарихи тұрғыдан меңгерудің қатарына жатқан да, кейіннен қабысудың немесе жанасудың қатарына кешкен. Бұған бағыныңқы сыңар құрамындағы септік жапғауларының өзіндік мағыналарынан алшақтап, жалғанып турған сөздерімен тұтасқан қалпында үстеуге айналуы себеп болған. Қабысу байланысқан сөз тіркестері тіркес құрамындағы сөздердің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді: жібек орамал, ағаш күрек — жалаң, темір қанат балапан, жалғыз аяқжол, сылқсылқ, күлу-күрделі. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің мағыналық жағынан әркелкі болуына қарай қабысу байланысқан сөз тіркестері әр түрлі қатынаста жұмсалып, әр түрлі мағынаны білдіреді. Мысалы, қабысу байланысқан есімді сөз тіркестері, негізінен, анықтауыштық қатынаса жұмсалады да, қабысу байланысқан етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіреді. Мысалы, биік үй, алтын сағат, бесінші орын, осы бала, көреген жігіт анықтауыштық қатынаста, шапшаң жүреді, еріксіз күледі, зыр жүгіреді, мұлтіксіз орындайды, күле қарайды, ыржиып күледі пысықтауыштық қатынаста жұмсалып түр. Сонымен кабысу жанасудан араларына сөз салмай жымдаса байланысуымен, іргелес түруымен, негізінен, шылаусыз байланысуымен, бір ырғақта болуымен ерекшеленеді.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}