Қабеш Бекенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қабеш Бекенов (1925 жылы туған), әскери қызметкер, полковник. 1943 жылы әскер қатарына алынып, Ташкент жаяу әскер училищесін бітірген соң Ұлы Отан соғысына кірді. Белоруссияны, Венгрия, Австрия мен Чехославакияны азат ету ұрыстарына қатысқан. Әскери училищені (1949), Қарағанды педагогика институтын (1955) бітіреді. 40 жыл әскер қатарында болып, 1969-1987 жылдарында Қарағанды облысы ДОСААФ комитетін басқарады. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, 25 медальмен марапатталған. Жастар арасында әскери-патриоттық жұмыс «Патриоттар мектебі» (1980), «Добрые дела патриотов» (1983), «Тағдырымның жазғаны» (2002) кітаптарының авторы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}