Қабдолла Досбалаұлы Төлегенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қабдолла Досбалаұлы Төлегенов 1952 жылы 1 қыркүйекте Талдықорған облысы Ақсу ауданының Ақсу ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Төлегенов Досбала (1903-1996). Анасы - Төлегенова (Бақтымбетова) Жидегүл. В.И. Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1975), мамандығы - «Құқықтану». 1975 жылдан - Шымкент облысы Апғабас аудандық прокуратурасында тергеуші. 1978 жылдан - ҚазКСР Прокуратурасының Тергеу басқармасында прокурор. 1983 жылдан - ҚазКСР прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі. 1985 жылдан - Алматы облысы Қаскелең ауданының прокуроры. 1987 жылдан - Алматы облыстық прокуратурасының Тергеу басқармасында прокурор. 1988 жылдан - Шымкент қаласының Еңбекші аудандық прокурорының аға көмекшісі. 1989 жылдан - Тергеу басқармасының прокуроры, қылмыстық істердің соттарда қарастырылуын қадағалау жөніндегі бөлім бастығы, прокурордың орынбасары - Тергеу басқармасының бастығы, ОҚО прокурорының бірінші орынбасары. 1996 жылдан - БҚО прокурорының бірінші орынбасары; Шымкент қаласы бойынша МТКБ бастығы. 1997 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 1998 жылдан - Жамбыл облысының прокуроры. 2001 жылдың қаңтар айынан - Қызылорда облысының прокуроры. 2003 жылдан - Жамбыл облысының прокуроры. 2008 жылдың сәуір айынан бері -Шығыс Қазақстан облысының прокуроры. «Құрмет» орденімен (2005); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалімен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» ҚР ҰҚК медалімен (2005) марапатталған. ҚР Прокуратурасының Құрметті қызметкері. ОҚО Бәйдібек ауданының құрметті азаматы.

  • 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық және саяси тұрғыда тұрақты Қазақстан».
  • Хоббиі - аңшылық пен балық аулау.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және классикалық әдебиет.
  • Үйленген. Жүбайы - Төлегенова (Жарасова) Бибігүл Абылқасымқызы, заңгер. Ұлдары - Телегенов Ертеле Қабдоллаұлы (1979 жылы туған), ҚР Салық комитетінің жетекші маманы; Төлегенов Жантөре Қабдоллаұлы (1992 жылы туған), оқушы; қызы - Еркежан (1990 жылы туған), студент.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}