Қабан-Құсан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қабан-кұсан мұнарасының сыртқы көрінісі.jpg
Қабан-кұсан мұнарасының сыртқы көрінісі. Ф.И. Миллердің 1734 ж. суретінен
Сурет:Қабан-құсан мұнарасының ішкі көрінісі.jpg
Қабан-құсан мұнарасының ішкі көрінісі. Ф.И. Миллердің 1734 ж. суретіпен

Қабан-Құсан,сәулет өнері ескерткіші Шамамен 12 - ІЗ ғасырларда түрғызылған. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Шаған кентінен Ертісті бойлай батысқа қарай 40 км жерде, өзеннің сол жағалауына орналасқан. Кешен күйдірілғен кірпіштен тұрғызылған. Үстінде қесенені зәулім, биік етіп көрсетіп тұрған күмбез құрылыстың төрт бұрышты қабырғаларын жауып тұр. Кірер есігінің босағасы мен қасбеті нақышты көзе тақтайлармен әшекейл енген. Ескерткіш 18 ғасырдың 1-жартысына дейін бүтін сақталып келген. Ол жөнінде Ертіс бойында зерттеу жұмыстарын жүргізген Г.Ф.Миллер хабарлама жасаған. Қазіргі кезде кешен қабырғаларының тек астыңғы бөліқтері ғана сақталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}