ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті(2002- ) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>1 "Қазақстан Республикасының мемлекетгік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шара- лары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі қаулысымен<ref>307-бап). 2 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі № 962 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 29, 322-бап).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы қаулысымен<ref>3 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жекелеген мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы № 1268 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 43, 430-бап).</ref> комитет туралы ереже бекітілді. Комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері құрылды. Ережеге сәйкес комитет өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) үйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсіміне бақылауды жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылды. Республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда, ауыл шаруашыльпъі ұйымы банкротқа ұшыраған жағдайларда уәкілетті орган облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі белгілейтін жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган болып табылды. Комитеттің облыстар,Астана және Алматы қалалары бойынша занды тұлға болып табылатын аумақтық органдары болды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) үйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсіміне бақылауды үйымдастыру мен өткізу; қасақана және жалған банкроттық белгілерін анықтау; дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін қолдану жөніндегі іс-шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы қаулысымен<ref>4 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы № 695 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 25, 328- бап).</ref> комитеттің мынадай құрылымы бекітілді:

  • басшылық;
  • дәрменсіз кәсіпорындарды талдау және мониторингі басқармасы;
  • банкроттық рәсімдердің
  • жүргізілуін бақылау жөніндегі басқарма;
  • заң қызметі басқармасы;
  • үйымдастыру-қаржы бөлімі.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>5 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жүмыс жөніндегі комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1115 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 526-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз қүзіретінің шегінде банкроттық рәсімдерді жүргізу саласында іске асыру және бақылау-қадагалау функңияларын жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) үйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың сотган тыс рәсіміне бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Комитеттің облыстар,Астана және Алматы қалалары бойынша занды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар.

Комитеттің құрылымы:

  • басшылық;
  • үйымдастыру жұмысы басқармасы;
  • оңалту рәсімдері және мониторинг басқармасы;
  • банкроттық рәсімдердің жүргізілуін бақылау жөніндегі басқармасы;
  • заң басқармасы.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}