ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жүмыс жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жүмыс жөніндегі комитеті (2001-2002) ҚР Үкіметінің 2001 ж. 23 қарашадағы қаулысымен<ref>1 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкер- лермен жұмыс жөніндегі комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 23 қарашадағы № 1508 қаулысы (Ағымдағы мұрағат).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 23 қарашадағы қаулысымен<ref>2 Сонда.</ref> комитет туралы ереже және оның қүрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) үйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсіміне бақылауды жүзеге асырған ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің ведомствосы болып табылды. Республикалық меншіктегі үйымдарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы үйымы банкротқа ұшыраған жағдайларда уәкілетті орган облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі белгілейтін жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган болып табылды. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары болды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: өзіне берілген өкілеттіктер шегінде дәрменсіз борышкердің (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) үйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсімдерін өткізуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсіміне бақылауды үйымдастыру мен өткізу; қасақана және жалған банкроттық белгілерін анықтау; дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін қолдану жөніндегі іс-шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру.

Комитеттің құрылымы мынадай болды:

  • басшылық;
  • қаржы-экономикалық басқармасы;
  • дәрменсіз борышкерлерді талдау және мониторингі басқармасы;
  • банкроттық рәсімдердің жүргізілуін бақылау жөніндегі басқарма.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 26 шілдедегі қаулысымен<ref>3 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 26 шілдедегі № 833 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 25, 260-бап).</ref> комитетті уәкілетті орган есепке алу, сақтау, бағалау және республика меншігіне айналған (түскен) мүліктерді одан әрі пайдалану жұмыстарын үйымдастыру бойынша анықтады. ҚР Үкіметінің 2002 г. 28 қарашадағы қаулысымен<ref>4 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жекелеген мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадагы № 1268 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 43, 430-бап).</ref> комитет таратылды.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}