ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті (1999-2002) ҚР Үкіметінің 1999 ж. 9 сәуірдегі қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 9 сәуірдегі № 394 қаулысы (ҚР ГТҮАЖ, 1999, № 12, 119-бап). 1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаң- тар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 510 б. (Қүрастырушылардың ескертпелері).</ref> құрылды. ҚР Президентінің 2002 ж. 17 мамырдағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің біртұтас жүйесін ұйымдастыру мәселелері" ҚР Президентінің 2002 ж. 17 мамырдағы № 872 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 14, 139-бап).</ref> ҚР Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрлігі оның жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ұлттық банкіне берілу жолымен қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдагы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетін тарату тура- лы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 662 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 17, 195-бап).</ref> комитет таратылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}