Ғұсман Мұхаметқалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғұсман Мұхаметқалиев (1936-1996) - 2 қарашада ҚХР-ның Санжы қаласында туған. Үрімшінің педагогикалық училищесін бітірген. Семей облысының Жарма ауданының «Макиевский» совхозында тракторшы, 1970 жылы Алматы үй құрылғысы комбинатында бетоншы боп еңбек етеді. Алматы облысының Қаскелең ауданында, Алматыдағы «Поршень» зауытында, Алматыдағы Қазақ КСР-і Мемлекеттік архивінде еңбек еткен. Бірнеше кітаптардың авторы. «Жазушы», «Жалын» баспаларынан 1969— 1987 жылдар аралығында «Жас керуен», «Жасыл қала, жасыл бақ», «Алатау кештері», «Ғимараттар», «Көңіл көктемі», «Ләйлім шырақ» атты жыр жинақтары жарық көрген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}