Ғұсман Елеуұлы Жандыбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ғұсман Елеуұлы Жандыбаев (25.3.1944 жыл, ҚХР, Шағантоғай ауданы) - ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1978).
Өмірбаяны
- Алматы ауыл шаруашылығы техникумын (1963), ҚазПИ-ді (1971) бітірген.
- 1965-1982 жылдары Алакөл, Қапал ауданы мектептерде мүғалім болды.
- 1982-1985 жылдары Қазақ теледидары әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында жұмыс істеді
- 1985-1987 жылдары Мектеп баспасында жұмыс істеді
- 1987-1992 жылдары "Жазушы" баспасында жұмыс істеді
- 1992-2002 жылдары "Шабыт", "Рауан", "Білім" баспаларында, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясында жұмыс істеді.
- 2002 жылдан "Жазушы" баспасында жұмыс істейді.
Шығармашылығы
- "Асыл жандар" (1970),
- "Жасыл жондар" (1974),
- "Зеңтір аспан" (1978),
- "Қыр қызғалдақтары" (1981),
- "Көкорай" (1984),
- "Сөз мәйегі" (1998),
- "Ақ теңізден бір тамшы" (2001),
- "Сөуірде туған ақ сәуле" (2003), т.б. кітаптары жарық көрген.
Аудармалары
- А.Вознесенскийдің «Ор» поэмасы
- Б.Брехттің лирикалары
- К.Бобошконың «Аңыздан ғажап ақиқат» ғылыми-танымдық кітабы
- Борис Пастернактың, басқа да орыс, неміс, өзбек, татар, қырғыз ақындарының өлеңдерін аударды.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}