Ғұндардың аландарды талқандауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін

Ғұндардың аландарды талқандауы, 4 ғасырдың 2-жартысында Еділ - Жайық өңіріндегі ғұндар Қара теңіздің Солтүстік жағалауын жаулап алып, сарматтарды бағындырған кезде аландар ғана табан тіресе қарсылық көрсетті. Бірақ ғұндар 370-72 жылы аландарға ойсырата соққы беріп, жеңіске жетті. Аландардың бір бөлігі ғұндарға бағынғанымен, бір бөлігі Рим империясының жеріне өтіп кетті. Сондықтан олар кейіннен Батыс Рим империясына қызмет етуге мәжбүр болды. Батыс Рим императоры Грациан өзінің әскери жасақтарын осы аландардан құраған. Батыс Римге қызмет еткен аландардың басшысы Сангибан 451 жылы Аттилаға қарсы соғысудан сескеніп, оган өз еркімен берілмекші болды. Дегенмен Сангибан Рим императорының ықпалынан шыға алмай, өз әскерімен Каталаун шайқасына қатысты. «Каталаун қырғыны» атанған осы шайқаста аландардың әскери күші толығымен талқандалды.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғұндардың аландарды талқандауы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}