Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеев
Үлгі:Тұлға Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеев (1948–2014) — техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры (1997–2014), Қазақстанның саяси қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Жоғары Кеңестің аппаратын басқарды (1994–1996).
Інісі — Серікбек Дәукеев, саяси қайраткер, Қазақстан Үкіметінің үш мәрте министрі.
Өмірбаяны
1948 жылы 31 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. Арғын тайпасы Қаракесек руы Нұрбике-Шаншар руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын 1971 жылы бітірген. Әр жылдары Алматы энергетика институтының кәсіподақ комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс Басқармасының ҒТБ бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Жоғары Кеңестің аппаратын басқарды. 1997 жылдың сәуір айынан бастап Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры болып жұмыс істеді.
"Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медальдарымен марапатталған.
50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, бес авторлық куәлігі мен патенті болған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>