Ғұзаир

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғұзаир - Яһуди ғұламаларының бірі. Ғұзаир хикаясы Құранда құдіреттің хикметі ретінде баяндалады. Баитл Мұқаддасты Бухтинасар ойрандап тастағанда есегіне мініп сол тұстан өтіп бара жатқан Ғұзаир қырылған халықты көріп қамығады. «Апырау осылардың қайта тірілетіні рас па екен?» - деп дағдарады. Аллаһ Тағала сол жерде оның жайын алып, жүз жылдан соң қайта тірілтеді. Тірілген соң еліне барғанда, қауымы оның Ғұзаир екеніне сенбейді. «Егер, шын Ғұзаир болсаң Тауратты бізге жатқа айтып бер», - деп талап етеді. Ғұзаир Тауратты түп-түгел айтып береді. Таурат ол кезде өртеніп кетіп, жатқа білетін адам қалмаған екен. Қауымы осыдан кейін ғана оның Ғұзаир екеніне сенғен. Бірақ оны Құдайдың құдіреті деп білмей, Исаны насаралардың «Аллаһтың ұлы» дегені сияқты,Ғұзаирды да «Аллаһтың ұлы» деп атаған. Ғұзаир есімі Құранда бір жерде аталады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub