Ғылыми-көпшілік кино

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғылыми-көпшілік кино – кинематографияның кино мен ғылымның тығыз байланысы негізінде қалыптасқан бір саласы. Жалпы ғылыми кино ғылыми-көпшілік, оқу-ағарту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік тәрізді төрт бағытта дамуда. Ғылыми-көпшілік киноның негізгі міндеті – ғылыми-зерттеулер мен жаңалықтарды, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін насихаттап, жұртшылыққа таныстыру; ғылым мен тех. саласындағы ірі табыстар мен соңғы жаңалықтарды, күрделі ғыл. тәжірибелер мен табиғаттың сирек құпия құбылыстарын көрермендерге түсінікті түрде көрсету. Алғашқы ғылыми-көпшілік кино туындылары табиғат жөніндегі фильмдер болатын. Оларда шөлдерді, биік тауларды, ормандарды мекендеген тайпалар, халықтар дәстүр-салты, экзотикалық табиғат, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар туралы баяндалды. Қазақстандағы ғылыми-көпшілік кино деректі киноның дамуымен байланысты қалыптасты. Қазақстанда табиғат пен жануарлар әлемі туралы алғашқы кино көріністерді 20 ғ-дың 20-жылдарынан бастап Ресей режиссерлері мен операторлары түсіре бастады. 1970 жылдан бастап Қазақстанның сирек флорасы мен фаунасын суреттейтін ғылыми-көпшілік кино дамыды. Қазақстанның «Қызыл кітабына» кірген сирек жануарлар өмірі туралы аталмыш фильмдер қазіргі ғылым үшін аса құнды туындылар боп табылады. Қазіргі қазақ кинематографияшылары дәстүрлі ғылыми-көпшілік кино және оқыту-ағартушылық фильмдерін түсірумен қатар, өз жұмыстарында адамзаттың әлемдік тарихы аясындағы Қазақстанның алатын орнының көркемдік-эстетикалық байыпталуы деңгейіне қол жеткізді.

Ғылыми-көпшілік кинода мультипликация 1911 жылдан қолданыла бастады. 1910 - 20 жылдары Ғылыми-көпшілік кинодағы тақырыптық және жанрлық бағыттар қалыптасып үлгерді. Ғылыми-көпшілік киноның тақырыптық және жанрлық мүмкіндіктеріне орай оның мөдени-ағартушылық, білім беру сияқты негізгі әлеум. қызметтері мен маңызы айқындалды. Қазақстандағы Ғылыми-көпшілік кино деректі киноның дамуымен байланысты қалыптасты. Қазақ халқы туралы "Қазақстан өмірі мен тұрмысы" атты алғашқы Ғылыми-көпшілік киноны 1927 ж. режиссер В.Карин "Востоккиноның" Алматы бөлімшесінде түсірді. Одан соң "Сен Қазақстанның жануарлар өлемін білесіц бе?" (1930), "Алтын жағалаулар" фильмдері түсірілді. Қазақстан кинематографияшылары ғылыми-көпшілік киноның барлық дерлік белгілі тақырыптары мен жанрларындағы фильмдерді түсірді. 20 ғ-дың 70-жылдарынан бастап Қазақстанның сирек флорасы мен фаунасын сурет-тейтін ғылыми-көпшілік кино қарқынды дамыды. В.Белялов пен Л.Мұхамедғалиева түсірғен "Қазақстанның жануарлар әдемі", "Іленің төменгі ағысында", "Бүркіттер", т.б. фильмдеріне Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1983) берілді. Қазіргі қазақ кинематографистері дәстүрлі ғылыми-көпшілік кино және оқыту-ағартушылық фильмдерін түсірумен қатар, өз жұмыстарында адамзаттың әлемдік тарихы аясындағы Қазақстанның алатын орнының көркемдік-эстет. байыпталуы деңгейіне қол жеткізді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}