Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов (11 маусым 1964, Қарақастек, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер және заңгер, 2022 жылдан бастап Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. Бұрынғы Бас прокурор (2019—2022). Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, 1-сыныпты әділет кеңесшісі.

Өмірбаяны

1964 жылы 11 маусымда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында дүниеге келді. Ұлы жүздің Шапырашты руынан шыққан.

Білімі

1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетін “заңгер” мамандығы бойынша тәмамдады.

Мансабы

Еңбек жолын 1987—1990 жылдары колхоз заңгері болып бастады.

1990—1996 жылдары прокуратура органдарында қызмет етті: Алматы облысы Жамбыл аудандық прокуратурасының тергеушісі, кейін сол аудан прокурорының орынбасары болды.

1996—1997 жылдары Қазақстан Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарында қызмет етті: аудандық бөлім бастығының орынбасары, Алматы облыстық департаментінің ұйымдастыру-кадрлық басқармасы бастығының орынбасары болды.

1997—2017 жылдары Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етті: Алматы қалалық департаменті тергеу басқармасының бастығы, кейін сол департамент бастығының орынбасары болды, Алматы облыстық және Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменттерін, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу департаментін басқарды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.<ref>Нурдаулетов Гизат Дауренбекович</ref>

2017—2019 жылдары Қазақстан Бас прокурорының бірінші орынбасары болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2019—2022 жылдары Қазақстан Бас прокуроры болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022—2023 жылдары Қазақстан президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болса, 2023 жылдан бастап Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жеке өмірі

Үйленген, 3 баласы бар.

Марапаттары мен атақтары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер