Ғаяз Абдувалиевич Кушаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғаяз Абдувалиевич Кушаев (7.3.1925, Жаңақала ауданы, Жаңа Қазан а., - 17.8.1992, Орал қ.) - археолог, тарих ғылымдарының кандидаты (1969), Қазақстанның оқу-ағарту ісінің үздігі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1953 ж. ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген. 1945-65 ж. Қазақстан FA-ның Тарих институтында кіші ғылыми қызметкер, 1967-92 ж. Орал педагогика институтында оқытушы, каф. меңгерушісі болған. Оның ғыл. жұмыстары Қазақстанның оңтүстік және батыс бөлігінің ежелгі тарихын археол. тұрғыдан зерттеуге арналған. «Іле» және «Тува-моңғол» атты ғылыми-археологиялық экспедициясына қатысқан, Батыс Қазақстан өңірінің ежелгі мәдениетін зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Көне ескерткіштер жөнінде мол материал жинақтап, қорыту нәтижесінде түңғыш рет Орал облысының археологиялық картасын жасады. Кушаев «Қызыл Жұлдыз» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғаяз Абдувалиевич Кушаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}